Қолданылу мерзімі 2022 жылдың ақпанына дейін
Қырғызстан коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасын тіркеген алғашқы шет мемлекет болды.
18 тамызда Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жанындағы дәрілік заттар және медициналық бұйымдар департаменті QazVac вакцинасын мемлекеттік тіркеу туралы тіркеу куәлігін берді.
Тіркеудің қолданылу мерзімі 2022 жылдың 18 ақпанына дейін белгіленген.
Осылайша, Қырғызстан Қазақстанда өндірілген коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны тіркеген алғашқы мемлекет болды.