ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов қазақстандық шекарашыларды құттықтады

Кәрім Мәсімов Алматы облысындағы «Баянкөл» шекара бөлімшесіне барды

ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов шекара қызметінің әскери қызметшілерін құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 тамыз – Шекарашылар күні қарсаңында ҰҚК төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты Кәрім Мәсімов Алматы облысының «Баянкөл» шекара бөлімшесінде болып, ведомствоның жеке құрамы мен ардагерлерін құттықтап, Отанның қасиетті шептерін күзету жөніндегі жауапты қызметте табыс тіледі.

«Мемлекеттік шекараны сенімді қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету Комитеттің маңызды міндеті болып саналады және ел басшылығының жіті назарында.

Жаңа қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндерді ескере отырып, шекара қызметін реформалау және Ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесіне интеграциялау жүргізілді», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, 1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанның шекара қызметін құру туралы Жарлыққа қол қою қарсаңында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Алматы облысындағы «Баянкөл» заставасында болды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.