ШұғылЕлімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

Зульфия Чиншанло мен Игорь Сонға пәтер кілті табысталды

Атлеттердің жаттықтырушыларына 2 миллион теңгеден берілді

Алматы облысында Токио Олимпиадасының жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді. Оларға пәтер кілті табысталды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Зульфия Чиншанлоға үш бөлмелі пәтердің, ал Игорь Сонға екі бөлмелі пәтердің кілті берілді. Спортшылардың жаттықтырушылары да марапатталды. Оларға әрқайсына 2 миллион теңгеден ақша сертификаттары табыс етілді.

Еске салайық, Токио Олимпиадасында 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Игорь Сон жұлқа көтеруде 131 келіні, серпе көтеруде 163 келіні бағындырып, қос жаттығу нәтижесі бойынша үздік үштікке енді.

Ал, 55 келіге дейінгі салмақта жарысқа түскен Зүлфия Чиншанло қоссайыс қорытындысы бойынша 213 келі (90+123) көтеріп, филиппиндік Хидилин Диас пен қытайлық Цююнь Ляоға ғана есе жіберді.