ШұғылЖелтоқсан-қаңтар айларында Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін

Ресейде Денис Тенге арналған авторлық фильм түсірілді

Фильмнің авторлары - спорт журналистері Константин Столбовский мен Сергей Райлян

Фото: ашық дереккөзден

Өткен жылы кісі қолынан қаза болған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы туралы фильмнің авторлары спорт журналистері Константин Столбовский мен Сергей Райлян, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Ресейдің «Матч.ТВ» телеарнасы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арналған авторлық фильм шығарды. 

50 минуттық фильмде «Матч.ТВ» шолушысы Константин Столбовский мен қазақстандық журналист Сергей Райлян Денис Тен туралы естеліктерді оның жақын адамдарынан – бапкерлерінен, достарынан және тағы басқа адамдардан жинады. Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Алексей Ягудин, оның жаттықтырушылары Айгүл Қуанышева мен Елена Водорезова, қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин, әнші Роза Рымбаева Денис Тен туралы әңгімеледі.

Фильм 13 тараудан тұрады, онда Денис Теннің сұхбаттары мен көрсеткен өнерінің архивтік кадрлары бар. 13 саны кездейсоқ емес, дейді фильмді жасаушылар.

«Бұл Денис Теннің нөмірі» - ол 13 маусымда дүниеге келді, 2013 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды және «Денис Тен және оның достары» шоуын бастады, 13-нөмірмен Олимпиада тұғырына көтерілді.

«Денис Тен туралы шағын фильм жасау өте қиын екен. Ол 25 жыл ғана өмір сүрсе де, оған тұтас бір дәуір сыйып кеткен. Қайта өрлеу дәуірі туралы қысқа фильм түсіріп көріңіз, сонда шексіздікті қамтуға болмайтынын тез түсінесіз. Ал Денис Тен – дәуір», - дейді фильмді жасаушылар.

Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде 25 жасында көз жұмды. Көлігінің айнасын ұрлағандарды тоқтатпақ болған спортшыны ұрылар сан тұсынан пышақпен жарақаттады.

2019 жылдың 17 қаңтарында сот Денис Теннің өліміне қатысты сотталушыларға үкім шығарды. Нұралы Қиясов қарақшылық және кісі өлтіру бабы бойынша айыпты деп танылып, 18 жыл бас бостандығынан айырылды.