$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.08.2021, 18:23
Жаңалықтар

15 тамызға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің оңтүстік аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

15 тамызға арналған ауа райы болжамы
Фото: iStock

Синоптиктер 15 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Республиканың басым бөлігінде антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін, тек шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыста таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғып, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел 18-23 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі, Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Қызылорда, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады.

Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.

«Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары