The Lancet — апта сайын шығатын медициналық журнал
Атақты The Lancet журналында «QazVac» туралы мақала жарияланды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«EClinicalMedicine published by The Lancet» журналы отандық «QazVac» вакцинасын клиникалық зерттеудің 1-2 фазасының нәтижелері туралы мақаланы қабылдап, электрондық нұсқасын басып шығарды. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарын мақаланың жариялануымен құттықтаймын», – деп жазды министр.
Айта кетсек, The Lancet — апта сайын шығатын медициналық журнал. Медицина бойынша әлемдегі ең танымал басылымның тарихы ағылшын хирургы Томас Уокли негізін қалаған 1823 жылдан басталады. Журналға ғылыми түпнұсқа зерттеу және шолу мақалалары, үздік мақалалар, ауру түрлері мен ем-дом жайлы түріл ақпарат жарияланады.