13 тамызға арналған ауа райы болжамы

Республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады

Синоптиктер жұма, яғни 13 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Республиканың басым бөлігі антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы болады, тек солтүстік-шығыста, шығыста және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауып, найзағай жарқырайды, шығыс және оңтүстік-шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі болады. Еліміздің оңтүстігінде және батысында кей жерлерде шаңды дауыл соғады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл соғады, жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жауып, дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жауады, жел 17-22 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жауады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түседі.

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, күндіз Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.