«Азия-Авто» қожайынына іздеу жарияланды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті «Азия-Авто» АҚ компаниялар тобының құрылтайшысы Анатолий Балушкинге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі бойынша (алаяқтық) қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеді.
Қазір сот Анатолий Балушкинге қатысты бұлтартпау шарасын санкциялап (сырттай), оған іздеу жарияланды. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Еске салайық, 9 тамызда Шығыс Қазақстан облысының беделді кәсіпкері, «Азия-Авто» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасына іздеу жарияланғаны ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпарат сервисінде жарияланды.