09.08.2021, 15:21
Жаңалықтар
Forbes тізіміндегі кәсіпкер Анатолий Балушкинге іздеу жарияланды
Сарапшылардың айтуынша, Анатолий Балушкин дәулеті - 150 млн доллар
Анатолий Балушкин, фото: ашық дереккөзден
Forbes тізіміндегі ықпалды кәсіпкер, миллиардер Анатолий Балушкинге неге іздеу жарияланғаны түсініксіз, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Шығыс Қазақстан облысының беделді кәсіпкері, «Бипэк Авто – Азия Авто» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасына іздеу жарияланғанын ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпарат сервисінен көруге болады.
Сайттағы мәліметке сәйкес, Анатолий Балушкинге тергеуден жасырынған адам ретінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті іздеу жариялаған. Басқа ресми ақпарат жоқ.

Сарапшылардың айтуынша, Анатолий Балушкин дәулеті 150 млн долларға бағаланады.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды