$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.08.2021, 10:13
Жаңалықтар

Шымкентте лауазымды тұлғалар ұсталды: Мәдениет басқармасы хабарламаны жоққа шығарды

Басқармаға құқық қорғау органдары тарапынан ресми хат келіп түспеген

Шымкентте лауазымды тұлғалар ұсталды: Мәдениет басқармасы хабарламаны жоққа шығарды
фото: facebook.com/akimat.shymkenta/

11 тамызда Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғаларының ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланды.

«Олар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 80 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара беруге әрекет жасады деген күдікке ілінді», - делінген хабарламада.

Алайда, Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасындағылар бұл хабарламаны теріске шығарып, басқармаға құқық қорғау органдары тарапынан ресми хат келіп түспегенін айтты.

«Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғалары (басшы, басшының орынбасарлары) барлығы жұмыс орнында екенін жеткіземіз. Сонымен қатар, еңбек демалысында жүрген 3 маманнан басқа қызметкерлер түгел жұмыс орнында», - деп мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары