12.08.2021, 09:17
Жаңалықтар
Коронавирус пен пневмониядан тағы 129 адам көз жұмды
Қазіргі уақытта 215 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр
Фотог: ашық дереккөзден
10 тамызда Қазақстанда коронавирус пен КВИ белгілері бар пневмониядан 129 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның 105-і COVID-19 вирусынан, 24-і пневмониядан қайтқан.

12 тамыздағы мәлімет бойынша, 113 155 адам коронавирус инфекциясынан (–108 954 + және 4 201 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 769 пациент стационарда, 82 386 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 849 адамның жағдайы ауыр,
- 479 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 215 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Көп оқылған
21.11.2026, 10:34
Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
21.11.2026, 08:34
Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр
