$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.08.2021, 13:16
Жаңалықтар

Жамбыл облысында 60 жасын тойлаған аудан әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Оған 87 500 теңге көлемінде айыппұл салынды

Жамбыл облысында 60 жасын тойлаған аудан әкіміне қатаң сөгіс жарияланды
Бақыт Қазанбасов, фото: ar-ay.kz

Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов карантин кезінде 60 жасқа толған мерейтойын көпшілікпен бірге атап өтіп, басы дауға қалды.

Аталған факті бойынша Байзақ ауданының әкімі Б.Қазанбасовтан түсініктеме алынып, Жамбыл облысы әкімінің  2021 жылғы 3 тамыздағы №173-Ж/Қ өкімімен Б.А. Қазанбасовқа қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Байзақ ауданының әкімі Б.Қазанбасовтың түсініктемесінде көрсетілгендей, мерекелік іс-шара аудан әкіміне тосын сый ретінде туыстары тарапынан жасалған. Отбасылық іс-шараны сол жерге келгенде біліп, құттықтауларды қабылдап, үйіне қайтқан. Түсініктемеде іс-шараға жақын туыстардан 38 адам қатысты делінген.

Жамбыл облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2021 жылғы 27 шілдедегі №24-29-7-12/1440-И санды хатына сәйкес Б.Қазанбасовқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425 бабымен 87510 (сексен жеті мың бес жүз он) теңге көлемінде айыппұл салынып, төленген.

Еске салайық, Қарағанды облысында карантинде той жасаған жер қатынастары басқармасының басшысы қызметінен босатылды.

Серіктес жаңалықтары