$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.08.2021, 11:33
Жаңалықтар

Алексей Цой Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны қайта салдыру мерзімін атады

Қазақстанда жаппай вакциналау 1 ақпанда басталған болатын

Алексей Цой Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны қайта салдыру мерзімін атады
Фотог: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ревакцинация, яғни, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны қайталап егудің мерзімін атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Цойдың айтуынша, бүгінде вакцинаны қайта егудің екі түрі бар. Біріншісі, ұжымдық иммунитетті 60-70 процентке жеткізу үшін шұғыл шараларды қолға алып жатады. Ал жоспарлы ревакцинация жылына бір рет ұйымдастырылады.

«Елімізде ревакцинациялау жоспарланып отыр. Қазіргі кезде біз мерзімді пысықтап жатырмыз, себебі Қазақстанда вакциналау ақпан айынан бастап жүргізілді. Халықтың басым бөлігі маусым-шілде айларында екпе алды. Яғни, олардың ағзасындағы антиденелер әлі де бар, оның деңгейі де жоғары. Сондықтан екінші дозаны алғаннан соң 9 айдан кейін күнтізбеге енгізіледі», - деді министр.

Демек, ақпан айында коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарға қазан айында қайта екпе алу қажет болады. 

«Біз үшін ревакцинация қазан айына қарай өзекті болады.Яғни, ақпан айында алғашқы болып вакцина салдырған азаматтар қазан айына қарай екпені қайта алуы қажет. Қазіргі кезде ревакцинацияның тәртібі пысықталып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен тағы да консультация жүргізіледі», -  деп атап өтті Алексей Цой.

Айта кетейік, Қазақстанда жаппай вакциналау 1 ақпанда басталған болатын. 

Серіктес жаңалықтары