10.08.2021, 08:41
Жаңалықтар
Коронавирус пен пневмониядан тағы 107 адам көз жұмды
Қазіргі таңда 402 науқас өте ауыр халде жатыр
8 тамыз күні Қазақстанда коронавирус пен КВИ белгілері бар пневмониядан 107 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Оның 97-сі COVID-19 вирусынан, 10-ы пневмониядан қайтыс болды.

10 тамыздағы мәлімет бойынша, 112 474 адам коронавирус инфекциясынан (–108 818 + және 3 656 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 972 пациент стационарда, 81 502 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 966 адамның жағдайы ауыр,
- 402 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 232 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты