ШұғылЕлімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

Елордадағы реанимация бөлімінің меңгерушісі коронавирус туралы: «Өкпе шыдай алмайды»

Дәрігер науқастардың таза ауада, қиналмай дем алуды армандайтынын айрықша атап өтті

Елордадағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының базасындағы жұқпалы аурулар госпиталінің реанимация меңгерушісі Павел Останин санитариялық талаптарды елемеу қандай жағдайға жеткізетіні және ковидтік стационарларда қанша төсек толғаны туралы шындықты жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық әкіадіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біреу үйінде өмірінің соңына дейін жатады, ал енді бірі «індеттен құтылып кетемін» деп ойлайды. Түптеп келгенде жағдай қандай болып жатыр?! 40 сатурациясымен, ес-түссіз жатады. Оны қалай емдеуге болады? Біз соңына дейін күресеміз, тырысамыз. Дәл қазір «жаңа» пациенттер де, біраздан бері ауырып жатқан науқастар да бар. Реанимацияда болудың орташа мерзімі бізде 21 күн. Оң нәтиже беретін максималды уақыт — 50 күн», - дейді дәрігер.

Тек осы ауруханадан бүгінге дейін 1000-нан астам науқас емделіп шықты. Емделіп шыққандар көбейгенімен, медицина қызметкерлеріне артылар жүк азаймай отыр. Тиісінше, пациенттер емделіп шыққанымен, дәрігерлердің қуануға мүмкіндігі болмайды. Мұндағы ең жас науқас 22 жаста. Дәрігер науқастардың таза ауада, қиналмай дем алуды армандайтынын айрықша атап өтті.

«Басты проблема — жазда пациенттер көп. Бейтаныс адамдармен байланыс орнату, әлеуметтік тәртіптің жоқтығы айрықша әсер етеді. Жұрт өкпені жасанды желдеткішке жалғанбай тұрып, ешнәрсе әсер етпейді деп ойлайды. Сол сияқты, «вакцина адамды өлтіреді» деп есептейтін антиваксерлер де қиналып жатыр. Ал ИВЛ аппаратта жатқанның бәрінің жағдайы бір. Антиваксерлер ауыр күйге түскеннен кейін ғана ақ пен қараның ара жігін ажыратып жатады. Өкпе шыдай алмай, «жыртылады» деп айтуға болады», - деп қосты дәрігер Павел Останин.

Сарапшылардың пікірінше, бұрын бұл ауру негізінен өкпенің зақымдалуымен ғана шектелсе, қазір пациенттер асқазан-ішек жолдарының, жүйке жүйесінің бұзылуынан зардап шегеді, бұл коронавирустың жаңа штамы – «Дельтаға» тән.

Қазір 256 пациент реанимация бөлімшесінде, ӨЖЖ-де 43 адам жатыр. Вакцинация өз денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын да қорғауға мүмкіндік береді дейді дәрігерлер. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру арқылы ғана қала карантинге дейінгі режимге орала алады.