Князь Мирзоев бүкіл саналы ғұмырын ғылым мен қоғамға арнаған
Қазақстан күрдтер қауымдастығының басшысы Князь Мирзоев дүниеден өтті. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен хабарланды.
«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ғалым, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі, Қазақстан күрдтер қауымдастығының басшысы Князь Ибрагимұлы Мирзоевтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады», - делінген хабарламада.
Министрліктен атап өткендей, Князь Мирзоев бүкіл саналы ғұмырын ғылым мен қоғамға арнаған. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне өз үлесін қосқан белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлға болған.