Бүгін белдескен екі балуан Олимпиаданың ширек финалынан аса алмады

Дәулет Ниязбеков жартылай финалға шыға алмады

Әлішер Ерғали, фото: olympic.kz

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының мүшесі Дәулет Ниязбеков Олимпиада ойындарының ширек финалында қарсыласынан жеңілді.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Токио бозкілеміне шыққан Дәулет Ниязбеков жарыстың екінші айналымында қарсыласына жол берді. Ол үш дүркін әлем чемпионы және Рио Олимпиадасының қола жүлдегері әзірбайжандық Нажи Алиевпен кездесті. Кездесу 9:1 есебімен аяқталып, Әзірбайжан өкілі жартылай финалға шықты.

Еске салайық, Ал, 97 келі салмақта сынға түскен Әлішер Ерғали 1/8 финалда түрік балуаны Сулейман Караденизге қарсы өткізді. Тартысты белдесу 8:7 есебімен түрік балуанының еншісіне шешіліп, Әлішер Ерғали жеңіліп қалды.

Әйелдер күресі бойынша 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Валентина Исламова да жарыстың бірінші айналымында эквадорлық Лусии Ямили Йепес Гусманимен кездесіп, белдесу 6:9 есебімен эквадорлық спортшының пайдасына шешілді.

Айта кетерлігі, эквадорлық Гусмани финалға шыққан жағдайда Қазақстан балуаны Валентина жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.

Еске салайық, бүгін еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Данияр Қайсанов Олимпиада қола жүлдесі үшін белдеседі. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.