03.08.2021, 08:46
Жаңалықтар
Елімізде бір күнде КВИ мен пневмониядан 126 адам көз жұмды
Оның 110-ы коронавирустан қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзден
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамыз күні коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оған сәйкес 1 тамыз күні Қазақстанда 110 адам - коронавирустан, тағы 16 адам - пневмониядан қайтыс болған.
Коронавирустан көз жүмғандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында тіркеліп отыр.

1 тамыз күні коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 46 жағдайы және 16 өлім жағдайы тіркелді.
Оған қоса 87 адам емделіп шықты.
2020 жылғы наурыздан бергі статистика: ауырғандар – 61 301, 3756 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 54 851-ге жетті.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
