ШұғылӨткен тәулікте 3000-ға жуық адамнан КВИ анықталды

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналатын Билл Гейтс әйелімен ажырасты

Олар 27 жыл бірге тұрған

Esquire

Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс әйелі Мелиндамен ажырасты деп жазады РБК Business Insider порталына сілтеме жасап.

Ал, CNBC тілшісінің хабарлауынша, ерлі-зайыптылар ажырасқанда тегін ауыстыруға өтініш жазбаған. Сондай-ақ, дүние-мүлікті бөлісу туралы да әлі нақты шешім шықпаған.

Билл Гейтс әйелімен ажырасатынын биыл мамыр айында мәлімдеген болатын. 27 жыл бұрын отасқан олар мұндай шешімге келерден бұрын ұзақ ойланғанын айтқан. Билл мен Мелинда Гейтс үш бала тәрбиелеп өсіріп, бүкіл әлемде жұмыс істейтін қайырымдылық қорын құрды. Олар ажырасса да аталған қордың жұмысын бірге жүргізе бермек.

The New York Times газетінің жазуынша, Билл Гейтс ажырасу туралы шешімге келместен бұрын бірнеше рет өзге әйелдермен кездесіп, көңіл жарастырған. Ол қыз-келіншектер мен әйелдер негізінен Гейтстің қоластында жұмыс істеген.

Айта кетейік, Билл Гейтс әлемдегі ең дәулетті бес адамның бірі. Оның жиған байлығы 130 млрд долларды құрайды.