30 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай соғады
Синоптиктер жұма, яғни 30 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, найзағай соғады, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде бұршақ жауады. Тек еліміздің батысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ, шаңды дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерінде таңертең және күндіз бұршақ жауып, жел 18-23 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады.
Күндіз Түркістан облысының кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғады.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 18 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Күндіз Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.