ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1430 адамнан коронавирус анықталды

Данияр Елеусінов қарсыласын нокаутпен жеңді

Бүгін «Қазақ найзағайы» деген лақап атқа ие болған Елеусінов америкалық Алан Санчеспен жұдырықтасты

Фото: prosports.kz

Бүгін, 21 желтоқсанда Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

АҚШ-тың Финикс қаласында өткен бокс кешінде «Қазақ найзағайы» деген лақап атқа ие болған Елеусінов америкалық Алан Санчеспен жұдырықтасып, нокаутпен жеңіске жетті. Қос қарсылас Дэниел  Джейкобс (35-3, 29 КО) пен кіші Хулио Сезар Чавес арасындағы жекпе-жектің андеркардында жұдырықтасты. 

Алан Санчес осыған дейін 20 жекпе-жек өткізіп, оның төртеуінде жеңіліс тапса, қарсыластарын он рет нокаутқа түсіріпті. Ал Данияр кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жеңісіне қол жеткізсе, оның бесеуін нокаутпен жеңген.

Данияр Елеусінов жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшылардың қатарында жүр.