21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, қалың қар түседі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі

Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Атлантикалық циклон әлі күнге дейін республиканың көп бөлігінде өз ықпалын сақтайды Осыған байланысты құбылмалы ауа райы сақталып, қалың қар түседі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қатты жел соғады.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 23-28 м/с, таулы жерлерде 30 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде, бұрқасын, тұман күтіледі, жел 23 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Атырау облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел түнде 17-22 м/с, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.