Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздегі ауа температурасы біршама жоғарылайды
«Қазгидромет» РМК 21-23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ауа температурасы жоғарылайды.
«Қазақстанға атлантикалық циклон жылы ауа райын алып келеді. Алдағы тәуліктерде циклонның алдыңғы бөлігінің және жылы фронттың әсерінен ауа температурасы жоғарылап, қар жауады. Сондай-ақ, бұрқасын соғып, күшті жел тұрады. Республиканың оңтүстігінде және шығысында жылбысқы қар жауады және көктайғақ болады.
Ал келесі екі тәулікте циклонның және шығысқа суық арктикалық фронттың жылжуымен ауа температурасы төмендей бастайды. Қазақстанның тек солтүстік облыстарында ғана емес, оңтүстік және оңтүстік-шығысының кей аумағында да қар жауып, бұрқасын болады», - дейді синоптиктер.