Қазгидромет алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанда 29-31 шілде аралығында ауа температурасы көтеріледі

көрнекі фото

Болжамға сәйкес, алдағы үш күнде найзағай ойнайды. 30-31 шілдеде шығыста, 31 шілдеде оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, деп хабарлады Қазгидромет.

Тек еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республиканың барлық аумағында ауа температурасы көтеріледі: күндіз батыста, солтүстік-батыста 25-41°C, солтүстік пен шығыста 23-33°C, орталықта 25-37°C жылы болады.

Алматыда 29 шілдеде күн ашық, ауа температурасы +32°C, түнде +19°C. Ал 30-31 шілдеде көшпелі бұлт болады, аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +26...+29°C, түнде +17°C жылы болады.

Нұр-Сұлтанда 29 шілдеде көшпелі бұлт, аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз +24°C, түнде +14°C жылы. Желдің жылдамдығы – 10 м/с. 30 шілдеде күн ашық, күндіз +25°C, түнде +13°C жылы.

31 шілдеде көшпелі бұлт болады. Ауа температурасы күндіз +29°C, түнде +17°C.

Шымкентте 29-31 шілде арасында күн ашық болады. Ауа температурасы +34, +35°C шамасында болып, түнде +22, +23°C көрсетеді. 30-31 шілдеде желдің жылдамдығы 14 м/с жетеді.