$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.07.2021, 04:35
Жаңалықтар

28 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Еліміздің солтүстік аумағында өткінші жаңбыр жауса, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады

28 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер сәрсенбі, яғни 28 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Антициклон жотасының әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Тек еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс, батыс және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауады, бұршақ болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шыңды дауыл соғып, жел 15-20 м/с дейін, Түркістан облысында екпіні 23 м/с дейін соғады.

Күндіз Ақмола, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды, Маңғыстау, күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Күндіз Жамбыл, Алматы облыстарында қатты ыстық сақталады.

«Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары