$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.07.2021, 04:22
Жаңалықтар

27 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады

27 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер сейсенбі, яғни 27 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Антициклон жотасының әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек еліміздің солтүстік-батыс, оңтүстік-батыс және шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, найзағай, шығыста бұршақ және дауыл соғады. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстікте және орталықта түнде және таңертең тұман түседі», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күшейюі 15-20, екпіні 23 м/с жетеді, күндіз кей жерлерінде дауыл, бұршақ жауады.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, желдің күшейюі 15-20 м/с, Түркістан облысында екпіні 23 м/с жетеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады, Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің күшейюі 15-20 м/с болады.

Жамбыл, Маңғыстау, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 
Серіктес жаңалықтары