Қостанайда дәрігерлер КВИ жұқтырған әйел мен оның сәбиін аман алып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Сәби жұқпалы аурулар бөлімінің перзентханасында дүниеге келді

Бір ай бойы жұқпалы аурулар бөлімшесінің дәрігерлері жүктілік кезінде ауыр халде ауруханаға түскен Қостанай тұрғыны Жанна Ысқақованың өмірі үшін күресті, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Жанна Искакова кеше ауруханадан шығып, бір айлық сәбиін алғаш рет көріп, қолына алды. Сәби жұқпалы аурулар бөлімінің перзентханасында дүниеге келді. Жаннаның өзі 3 маусымнан 20 шілдеге дейін инфекциялық бөлімде болды. Жүктіліктің 33-аптасында өкпесінің 85%-ы зақымданған.

«Осы уақыт ішінде мен реанимацияда жатып, өлім мен өмірдің арасында болдым. Өте қорқынышты болды. Мұндайды ешкімнің басына бермесін. Мұнда көптеген адамдар емделіп жатыр. Әркімнің басынан өткен өз оқиғасы, қайғысы бар. Мен адамдарды екпе салуға шақырамын. Басыма түспейді деп ойламаңыз, одан ешкім сақтандырылмаған. Екпе алып, денсаулықтарыңызды күтіңіздер», – дейді Жанна.

Сәбиге қазір туыстары қарап жатыр. Қазір Жанна жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, қызын тек бейне байланыс арқылы көріп отырды.