ШұғылҚазақстанда бір тәулікте коронавирусты 7 мыңға жуық адамның жұқтырғаны анықталды

Қазақстандық боксшылардың Токио Олимпиадасындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

Қазақстан құрамасы 27 спорт түрі бойынша бақ сынайды

фото ашық дереккөзден

Бүгін, 22 шілде, Токиода бокс жарыстарында жеребе тастау рәсімі өтті. Нәтижесінде қазақстандық боксшылар алғашқы қарсыластарының есімдерін анықтап білді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бірінші болып рингке Серік Теміржанов шығады (57 келіге дейінгі салмақта). 24 шілдеде ол Ролан Гароспен (Венгрия) жұдырықтасады.

Закир Сафиуллин (63 келіге дейін) Перудан келген Лиодан Пезомен рингке шығады. Жекпе-жек 25 шілдеге жоспарланған.

Келесі күні Сәкен Бибосынов (52 келіге дейін) Янкиель Риверамен (Пуэрто-Рико) кездеседі. Василий Левит (91 келіге дейін) алғашқы жекпе-жегін 27 шілдеде Эммануэль Рейеске (Испания) қарсы өткізеді.

Команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден астам) Езри рези Мұстафаға (Египет) қарсы шығады. Кездесу 29 шілдеде болады.

Надежда Рябец (75 келіге дейін) бастапқы жекпе-жегін 28 шілдеде Тамара Тибелтке (Канада) қарсы өткізеді.

Абылайхан Жүсіповтің (69 келіге дейін), Әбілхан Аманқұлдың (75 келіге дейін), Бекзад Нұрдәулетовтің (81 келіге дейін) қарсыластары кейінірек анықталады.

Бұған дейін қазақстандық таеквондошылар Жансель Дениз бен Руслан Жапаровтың олимпиада медальдары үшін кіммен күресетіні белгілі болды.

Сондай-ақ, Олимпиададағы қазақстандық дзюдошылардың жарыс кестесі де анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, XXXII жазғы Олимпиада ойындары Токиода 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Қазақстан құрамасының 27 спорт түрі бойынша 97 лицензиясы бар. 16 шілдеде қазақстандық олимпиадалық команданың негізгі бөлігі Жапонияға аттанды. Алматыдан алғашқы рейспен 128 адам ұшып шықты: спортшылар, жаттықтырушылар, дәрігерлер, кешенді-ғылыми топтардың мүшелері, Олимпиададағы Қазақстан миссиясының қызметкерлері.