Ертең күн райы қатты ысып, жаңбыр жауады – синоптиктер болжамы
Кей облыстарда ауа райының қолайсыздығынан өрт шығу қаупі бар

23 шілдеге арналған ауа райы болжамын қазақстандық синоптиктер ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: жаңбыр жауады. Әсіресе, Қазақстанның батысында қатты нөсер күтіледі. Тек еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыста және оңтүстікте шаңды дауыл аралас жаңбыр, республиканың батысы мен шығысында бұршақ жаууы ықтимал», - делінген «Казгидромет РМК» хабарламасында.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Болжам бойынша, қатты жылу:
- күндіз Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде сақталады.
- Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының кей жерлерінде күтіледі
- Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.