ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 7800-ге жуық адамнан вирус анықталды

«Коронавирусты біз ойлап тапқан жоқпыз». Ухань вирусологтары мәлімдеме жасады

Зертхана ғалымдары әлемді жайлаған вирустың қолдан жасалмағанын мәлімдеді

Photo / Ng Han Guan

Қытайдың Ухань вирусология институты вирусты қолдан ойлап таппаған және коронавирустың таралуына ықпал етпеген. Бұл туралы Ухань ұлттық биологиялық қауіпсіздік зертханасының директоры, ғылыми қызметкер Юань Чжимин мәлімдеді, деп хабарлайды ria.ru.

«2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін Ухань вирусология институты COVID-19 жағдайын тіркеген жоқ және осы датаға дейін бұл вирусты зерттеген емес. Яғни, институт ешқашан COVID-19 инфекциясын синтездемеді, жасанды түрде ойлап тапқан жоқ және коронавирустың таралуына ықпал еткен жоқ. Үшіншіден, институттың бірде-бір қызметкері немесе студенті аталған уақытқа дейін COVID-19 жұқтырған жоқ», - деді Юань Чжимин.

Ол вирустың қолдан жасалғанын растайтын бірде-бір дәлел жоқ екенін атап өтті.

«Ғалымдар арасында COVID-19 табиғи шығу тегі туралы консенсус бар. Сарапшылар қазіргі уақытта COVID-19-дың жасанды шығу теориясын немесе оның зертханадан таралып кетуін растайтын бірде-бір дәлел жоқ деп мәлімдеді», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы желтоқсан айының соңында Ухань қаласында коронавирус індеті басталғаннан бері бұқаралық ақпарат құралдарында Ухань вирусология институтының зертханасынан жаңа вирус таралуы мүмкін деген түрлі нұсқалар пайда болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары биыл наурыз айында Ухань вирусология институтына, оның ішінде вирустың таралуы немесе оның жасанды шығу тегі туралы қауесеттер болған, ең оқшауланған BSL-4 зертханасына барып, тексеріс жүргізді.