Тәжікстан үкіметі президентке және оның отбасына көңіл айтты
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қарындасы Курбонби Рахмонова 64 жасында қайтыс болды деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан.
Әзірге Рахмонованың неден қайтыс болғаны ресми айтылған жоқ. Дегенмен, алдын ала тараған ақпаратқа сәйкес, президенттің қарындасы коронавирус инфекциясын жұқтырып, соның салдарынан көз жұмған.
Тәжікстан үкіметі президентке және оның отбасына көңіл айтты.
Еске салайық, биыл 5 шілдеде Эмомали Рахмонның 88 жастағы енесі де коронавирустан қайтыс болған еді.