$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.07.2021, 11:26
Жаңалықтар

Елордада адвокаттар алқасының тағы бір өкілі коронавирустан қайтыс болды

Бұған дейін КВИ-дан екі адвокат көз жұмған болатын

Елордада адвокаттар алқасының тағы бір өкілі коронавирустан қайтыс болды
Фото ашық дереккөзден

Коронавирустық инфекциядан Нұр-Сұлтан қалалық Адвокаттар алқасының өкілі Владимир Халюткин қайтыс болды. Бұл туралы елордалық адвокат Әсел Тоқаева өзінің Facebook-парақшасында жазды.

«Біздің адвокаттар алқасында осымен үшінші адам коронавирустан қайтыс болды. Індет ең мықты, тәжірибелі мамандарды алып кетіп жатыр... Кеше Халюткин Владимир Васильевич қайтыс болды... Әліге дейін сене алар емеспіз», - деп жазды ол.

В.Халюткин астанадағы адвокаттық жұмысын екі мыңыншы жылдардың басында бастапты. Ол осы уақытқа дейін көптеген шәкірт тәрбиелеп, заңгерлерден мықты адвокат жасап шығарған деп еске алды Әсел Тоқаева.

Айта кетейік, бұған дейін Деснаулық сақтау министрлігі елімізде бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 62 адамның қайтыс болғанын хабарлаған.

Серіктес жаңалықтары