Абылайхан Жүсіпов Токио Олимпиадасы туралы айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Спортшы жаттығуды бастап кеткен

фото ашық дереккөзден

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Абылайхан Жүсіпов Токиодағы алғашқы жаттығу күндерінің қалай өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Olympic.kz.

«Токио қаласына келіп, олимпиадалық ауылға орналастық. Мұнда спортшыларға керекті дүниенің бәрі бар. Бар жағдай жасалған. Рио Олимпиадасына да қатысқанымды білесіздер. Егер салыстырмалы түрде қарасақ, екі елдегі ұйымдастыру деңгейі ұқсас. Токиода жаттығуды бастап кеттік. Арнайы тренажер залы да бар екен. Барлық ережелерді сақтап жүрміз. Күніне бірнеше рет ПТР тест тапсырамыз. Әрине, бұл аздап жалықтырады. Дегенмен, барша әлем пандемиямен күресіп жатқандықтан, бұл талапқа мойынсұнамыз», - дейді Жүсіпов.