ШұғылҮкімет тамызда карантиндік шектеу шараларын күшейтеді

Нұр-Сұлтанда мұқтаж отбасыларға ет таратылды

Көмекке мұқтаж 100 отбасының тізімі жасалған

фото ашық дереккөзден

Бүгін Құрбан айт мейрамына орай елорда әкімдігі қаладағы мұқтаж отбасыларға ет таратты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Елорда әкімдігіне қарасты “Астана жастары” ресурстық орталығының бір топ волонтерлері таңертеңнен жүк көліктеріне тиелген етті әр ауданға бөліп, жұмыла жұмыс істеді.

«Әр аудандағы көмекке мұқтаж 100 отбасының тізімін алдық. Оны бізге аудан әкімдіктері, мешіттер, сондай-ақ Жұмыспен қамту басқармасы ұсынған болатын. Волонтерлеріміз көмек қолын созып, осынау игі іске өз үлесін қосуға тырысуда. Мұнда қазір 50 шақты автоволонтер мен 30-дан аса жаяу волонтер қатысып жатыр. Әрқайсысы өздеріне жүктелген мекенжайлар бойынша етті үйді-үйге таратады», - дейді “Астана жастары” жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Аян Ерментаев.