ШұғылҚазақстанда бір тәулікте коронавирусты 7 мыңға жуық адамның жұқтырғаны анықталды

Шығыс Қазақстан облысында 3 адам суға батып кетті

Қазір жедел-құтқару жасағының қызметкерлері суға батып кеткен адамдарды іздестіруде

фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында белгіленбеген жерде суға шомылған үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq-Ruhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 шілде күні Бұқтырма су қоймасының Қызыл Ту өткелі ауданында 1981 жылы туған ер адам, 18 шілде күні Алтай ауданында, Бұқтырма су қоймасының жабайы жағажайында 17 жастағы жігіт, ал 19 шілдеде Төменгі Тайынты ауылында 2006 жылы туған жасөспірім жабдықталмаған жерде суға батып кетті. Қазір жедел-құтқару жасағының қызметкерлері суға батып кеткен адамды іздестіруде.

Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына мынаны ескертеді: демалыста өзіңізге және жақындарыңызға өте мұқият болыңыз және суда жүзу ережелерін сақтаңыз, жабдықталмаған жерлерде шомылмаңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз, мас күйінде шомылмаңыз, суда дөрекі ойындарға жол бермеңіз.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112»нөміріне қоңырау шалыңыз.