ШұғылКоронавирусты жұқтыру қарқынында өсім байқалды

Вирусолог вакцинаның екінші компонентін салғызбаудың салдары туралы айтты

Вакцинация курсын толық аяқтамағандар коронавирус жұқтыруға бейім болады

фото ашық дереккөзден

Маманның айтуынша, вакцинаның бір ғана компонентімен шектелгендердің иммунитеті әлсіздеу болады, деп хабарлайды Azattyq-Ruhy Sputnik радиосына сілтеме жасап.

«Кейбір адамдар коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алып, екіншісінен бас тартып жатады. Бұл эпидемиология тұрғысынан дұрыс емес. Бір ғана компонентті салдырса, иммунитет әлсіздеу болады», - дейді ММУ биология факультеті вирусология кафедрасының профессоры Алексей Аграновский 

Маман вакцинация курсын толық аяқтамағандар коронавирус жұқтыруға бейім әрі олар үшін «дельта» штамы өте қауіпті екенін айтты.

«Неге екі екпе алу керек? Вакцина «ухань» штамы үшін жасалды, бірақ кейін «дельта» штамы келді. «Спутник V» вакцинасының бастапқы штамға қарсы тиімділігі 90 және одан да көп пайызды құрады. Ал «дельтаға» – 80%. Бұл бәрібір де көп. Мұның бәрі жұмыс істеу үшін схема бойынша вакцина салдыру қажет», - деп кеңес берді Аграновский.