Сайлау:Қарағанды облысында сайлау учаскесіне халықтың 50%-дан астамы барған

Алматыда мотоцикл жүргізушісі әйел мен баласын қағып кетті

Әйел жансақтау бөлімінде қайтыс болды

фото ашық дереккөзден

Алматыда мотоцикл жүргізушісі әйел мен баласын қағып кетіп, әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде жол апатынан кейінгі түсірілген видео тарап кетті.

«19 шілдеде сағат 22.00 шамасында Алматыдағы Бостандық ауданында 1962 жылғы жүргізуші DUKE BLACK маркалы мотоциклімен Сәтбаев көшесінің бойымен батыс бағытта келе жатып, №4 ғимаратқа қарама-қарсы Республика алаңында екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. 1976 жылы туған әйел және 2015 жылы туған кәмелетке толмаған бала зардап шекті. Олар Сәтбаев көшесінің жүріс бөлігін солтүстік бағытта белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған», - деді Алматы қаласы полиция департаментінің анықтау басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Полиция деректері бойынша, әйел жансақтау бөліміне түскен, өкінішке қарай сол жерде алған жарақаттарынан қайтыс болды. Бала қалалық ауруханалардың біріне жансақтау бөліміне жеткізілген. Жүргізуші де жарақат алып, ауруханаға түскен.