Атырау облысында 2 907 науқас емделіп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Үйінде ем-дом қабылдау үшін 1 894 адам оқшауланған

 

фото ашық дереккөзден

Атырау облысында коронавирустан 2 907 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде инфекциялық стационарларда –1 013, үйінде емделу үшін 1 894 пациент оқшауланған, деп хабарлайды Azattyq-Ruhy облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 шілдеде – 342, 17 шілдеде – 277 адам вирусқа жұқтырған.

Мәселен, соңғы екі күнде Атырау қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 469 дерегі анықталды.

Сонымен қатар, Теңіз кенішінде 28, Жылыой ауданында 27, Индерде 22, Қызылқоғада 18, Исатайда 17, Махамбетте 17, Құрманғазыда 10, Мақат ауданында 16 адамнан вирус табылған.

«Қазір өңірдегі инфекциялық стационарларда 1 013 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде аудандардағы инфекциялық стационарларда 240, модульдік ауруханада 203, №2 облыстық ауруханада 199, кардиологилық орталықта 110, теміржол ауруханасында 95 пациент емделіп жатыр. Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кенішіндегі стационарда 95, ал, фтизиопульманологиялық орталықта 95 науқас ем қабылдауда» делінген хабарламада.