Шығыс Қазақстанда карантин талаптары қатаңдатылады
Облыс аумағында вирус таралуы төмендесе, қаулы қайта қаралады

Шығыс Қазақстанда карантин шаралары күшейтіледі. Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» қаулысы шықты.
Қаулығы сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2021 жылғы 21 шілдеден бастап
3 тамызға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылатын болды.
Сондай-ақ шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19
коронавирустық инфекциясының таралуының төмендеуіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
«Қалалар мен аудандардың әкімдері: облыс аумағының периметрі бойынша, сондай-ақ Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының және аудандардың периметрі бойынша шектеу шараларының қолданылу шекараларын сақтасын. Өскемен, Семей қалаларында қоғамдық тәртіпті қорғау мен бақылауды 402 шаршыда (Өскемен қаласы – 200, Семей қаласы – 202) 40 учаскелік полиция пунктіне (Өскемен қаласы – 23, Семей қаласы – 17) байланыстыра отырып, жүзеге асырсын» делінген жаңа қаулыда.
Сондай-ақ, 65 жастан асқан адамдарға және халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына қажет тауарларды, азық-түлік пен дәрілік заттарды жеткізумен айналысатын еріктілер жұмысы жалғасады.