Токиодағы Олимпиада: спортшылардан коронавирус табылды

Коронавирус жұқтырғандар – Жапония азаматтары емес

Токиодағы Олимпиада: спортшылардан коронавирус табылды
фото ашық дереккөзден

Токиодағы олимпиада ауылында тұрып жатқан екі спортшыдан коронавирус табылды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі

Бұл жайында олимпиада ұйымдастырушылары жексенбі күні таратқан мәліметте айтылған.

Құжатта олимпиада қалашығында тұрмайтын атлеттің, БАҚ қызметкерінің, олимпиада объектілерінде жұмыс істейтін бір жұмысшы мен жарысты өткізуге қатысы бар тағы 5 адамның да осы вирусты жұқтырғаны жазылған.

Еске салсақ, 17 шілдеде ұйымдастыру комитеті олимпиада ауылында бірінші рет КВИ жұқтыру дерегі тіркелгенін мәлім етті.

Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтуі тиіс еді. Әлемдік пандемияға байланысты жарыс бір жылға кейінге шегеріліп, биыл 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Ойынға шетелдік жанкүйерлер жіберілмейді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.