18.07.2021, 10:22
Жаңалықтар
19 шілде күні Мемлекет басшысы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізеді
Президент коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі шаралардың есебін тыңдайды
фото ашық дереккөзден
19 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізеді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли ресми мәлімет таратты.
«Жиынға Премьер-Министр, ведомстволардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысады. Мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы Үкіметтің есебін тыңдайды. Кеңес барысында өңірлердегі жалпы жағдайды жақсартуға және Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауға бағытталған үйлесімді іс-қимыл жоспары қабылданбақ» делінген хабарламада.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты