ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

Арыста шенеунік мұқтаж отбасыларға берілуі тиіс қаражатты жымқырып қалған

Мемлекетке шамамен 160 млн теңгеден астам шығын келген

Түркістан облысы Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары ұсталды, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Экс-басшы 2018-2021 жылдар аралығында бюджет қаражатын қалтасына басып отырған.

«Ол мемлекет қаржысын өзінің жақын туыстары мен таныстарының есепшотына аударып отырған. Негізі, бұл аз қамтылған мұқтаж отбасыларды қолдауға бағытталған қаражат болатын. Мемлекетке шамамен 160 млн теңгеден астам шығын келген» дейді агенттік.

Жымқырылған қаражат «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасы шеңберінде Арыс қаласында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға жәрдемақы төлеуге және кей санаттағы азаматтарды пандемия, төтенше жағдай мен шектеу шаралары кезінде азық-түлік, тұрмыстық заттармен қамтамасыз етуге бөлінген.

Тергеу жалғасып жатыр.