Мақтааралда бесік той жасаған тұрғынға 80 мың айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Тойға 80-нен астам адам жиналған

inform.kz

Түркістан облысында карантин талаптарын өрескел бұзып, бесік той жасаған тұрғын анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Мақтаарал полиция қызметкерлері сағат 11:40 шамасында Мақтаарал ауданының көшелерінің бірінде орналасқан тойханада бесік тойын өткізіп жатқанын анықтады.

Мобильді топ тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тойды дер кезінде тоқтатып, адамдарды үйлеріне тарқатты. Карантин талаптарын елемеген той иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін Мақтаарал аудандық СЭББ-ға жолданды.