16.07.2021, 09:32
Жаңалықтар
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 54 адам қайтыс болды
Бір мыңға жуық науқас ауыр халде жатыр

Фото ашық дереккөзден
14 шілдеде Қазақстанда коронавирус пен КВИ белгілері бар пневмониядан 54 адам қайтыс болды деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Коронавирустан 48 адам көз жұмса, тағы алты адамның пневмониясы асқынып бақилық болған.
Айта кетейік, 2020 жылдың 13 наурызынан бері елімізде коронавирустық инфекциядан 4 864 адам, КВИ белгілері бар пневмониядан 3 520 адам қайтыс болды.
Бүгінге дейін елімізде 477 754 адамнан коронавирус инфекциясы ПЦР-тест арқылы анықталды. Оның 423 996-ы емделіп шыққан.
16 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 50 457 адам коронавирустан емделіп жатыр. Ауруханада 16 186 науқас жатса, 34 271 адам үй жағдайында ем қабылдауда.
КВИ+ және КВИ- жұқтырғандардың ішінде:
- 934 науқас – ауыр жағдайда;
- 225 науқас – аса ауыр халде;
- 117 науқас – ИВЛ аппаратына қосылған.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
18.04.2025, 21:52
«Өзімнің құқығымды қорғаймын»: танымал журналист экс-әйелімен соттасып жатыр деген сынға жауап берді
18.04.2025, 09:37
Мұхтар Шахановтың отбасы тағы да қара жамылды
18.04.2025, 10:34
«Басыңа күн туғанда достар қашады»: Мақпал Жүнісова концертте жан сырын ақтарып, ағынан жарылды (ВИДЕО)
18.04.2025, 13:08
Алматы дәрігерлері қырық жастағы ер адамның өтінен 5499 тас алып шыққан
Редактордың таңдауы
18.04.2025, 14:00
Серік Жұманғарин Ауғанстанға барады: Қазақстан бұл елде көрме өткізбек