$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.07.2021, 09:17
Жаңалықтар

Данияр Елеусінов желтоқсан айында Қазақстанда жекпе-жек өткізеді

Соңғы жекпе-жегінде ол намибиялық боксшыны жеңген

Данияр Елеусінов желтоқсан айында Қазақстанда жекпе-жек өткізеді
Фото ашық дереккөзден

Кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) желтоқсан айындағы жекпе-жегін Қазақстан астанасында өткізеді. Бұл туралы боксшының менеджері Зия Алиев мәлімдеді деп жазады Vesti.kz.

Сондай-ақ, осы бокс кешінің андеркартында тағы бір қазақстандық боксшы Иван Дычко (10-0, 10 КО) да өнер көрсетеді. Аса ауыр салмақтағы боксшыға өзінен мықты қарсылас іздеп жатырмыз дейді З.Алиев.

«Үлкен шоу үшін біз желтоқсан айын таңдап алдық. Оған дейін Данияр сыртта мықты қарсыласпен бір жекпе-жек өткізуі тиіс. Иван Дычко кеше ғана жекпе-жек өткізгеніне қарамастан желтоқсанға дейін тағы бір қарсыласпен бақ сынап көруі керек. Екеуіне де мықты қарсылас таңдаймыз», - деді менеджер.

Зия Алиев қазір қазақстандық боксшыларға қарсылас іздеп жатқанын мәлімдеді.

Еске салайық, Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегін былтыр қараша айында намибиялық Джулиос Индонгоны жеңген болатын. Ол әлемнің экс-чемпионы болатын. Ал, Иван Дычко биыл 10 шілдеде Алматыда өткен бокс кешінде ресейлік Денис Бахтовты нокаутпен жеңді. Айта кету керек, Дычко кәсіпқой бокста өткізген 10 жекпе-жегінің бәрін нокаутпен жеңген.

Серіктес жаңалықтары