ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

Елорда мешіттерінде айт намазы өткізілмейді

Қалада эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр

Фото ашық дереккөзден

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда Құрбан айт мерекесі күндеріне арналған шектеу шаралары туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қол қойылған құжатқа сәйкес қала тұрғындары мен қонақтарының Құрбан айт мерекесіне арналған бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде де өткізуге және қатысуға тыйым салынады.

«Мешіттер аумағында ашық ауада өткізілетін іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде «Айт намазы» ұжымдық намазын өткізуге тыйым салынады», — делінген елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында.

Сонымен қатар құрбандық шалу рәсімі онлайн режимде qurban2021.kz сайты арқылы ұйымдастырылады. Бұл ретте күшейтілген санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуын болдырмай, міндетті түрде бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, арнайы бөлінген орындарда (сою пункттерінде) ұйымдастыру қажет.

Құжат қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.