15-17 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Апта соңына дейін республиканың басым аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады деп хабарлады «Қазгидромет» синоптиктері. Тек оңтүстік облыстарда ғана күн ашық.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен күн күркіреп жаңбыр жауады. Кей жерлерде екпінді жел, оңтүстікте шаңды дауыл байқалады.
«Батыста ауа температурасы түнде +15+23℃, күндіз +25+38℃, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +6+20℃, күндіз термометрлер +10+28℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +7+20℃, күндіз +15+30℃, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+23°С, күндіз +27+38°С болады», - делінген синоптиктер таратқан ақпаратта.