$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.07.2021, 12:54
Жаңалықтар

Үкімет азық-түлік бағаларын тұрақтандыру үшін қандай шаралар қабылдағанын мәлімдеді

Еліміздің 12 өңірі үшін шекті бағалар белгіленді

Үкімет азық-түлік бағаларын тұрақтандыру үшін қандай шаралар қабылдағанын мәлімдеді
Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандарыру мақсатында Үкімет арнайы шаралар қабылдады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылды.

Асқар Маминнің айтуынша, биыл мамыр айында азық-түлік тауарларының бағасы әлемдік нарықта шамамен 34%-ға өсті. Мұндай құбылыс елімізге де кері әсерін тигізгендіктен, ел билігі бірқатар шара қабылдағанын хабарлады.

«Үкімет өңірлермен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін тежеу бойынша жедел шаралар қабылдауда. Бұл мәселе ерекше бақылауда. Осылайша, 12 өңір үшін шекті бағалар белгіленді. Нарықты азық-түлік тауарларымен толықтыру және бағаны тұрақтандыру үшін 16 мыңға жуық өндірушілермен және сауда объектілерімен келісімдер жасалды, айналым схемасы 33,3 млрд теңгеден 50 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды, 10 млрд теңгеге форвардтық сатып алу жүргізілді», - деп мәлімдеді Үкімет басшысы.

Бұл шаралар осы жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуін 9,5% деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік бермек.

Серіктес жаңалықтары