$ 519.58  609.36  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.07.2021, 13:05
Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрі отставкаға кетуі керек – Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Үкімет пен әкімдіктер зиян шеккен фермерлерге қолдау көрсетуі үшін шұғыл түрде кешенді шаралар әзірлеуі тиіс екенін айтты

Ауыл шаруашылығы министрі отставкаға кетуі керек – Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: tengrinews.kz

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің батыс өңіріндегі қуаңшылық мәселесін алға тартты. Өз сөзінде Президент Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты сынға алып, оның бұл ведомсвтоны басқара алмағанын айтты.

«Ауа райының қолайсыздығынан Маңғыстау және Қызылорда облыстарында жағдай күрделенді. Бір ғана Маңғыстауда жаппай қырылған малдың саны 3 мыңға жетті. Бір тонна шөптің орташа бағасы 23 мың теңге, ал кейбір аймақта 42 мың теңге болды. Бұл әкімдіктердің және АШМ тарапынан дұрыс шешімдер қабылданбағанын, жүйелі әрі нақты жұмыс атқармағынын көрсетеді. Бұл мәселенің бір жағы ғана. Министрлік шұғыл және батыл шешімдер қабылдауы керек еді. Бірақ министрлік бұл жұмысты тиімді атқара алған жоқ. Сондықтан осы салаға бірден бір жауапты тұлға ретінде министр Сапархан Омаровтың отставкаға кеткені дұрыс деп есептеймін», - деді Мемлекет басшысы.

Осылайша Президент Үкімет пен әкімдіктер зиян шеккен фермерлерге қолдау көрсетуі үшін шұғыл түрде кешенді шаралар әзірлеуі тиіс екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары