Үкімет мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын 2024 жылға дейін өсіреді

Автор: Azattyq Rýhy

247 мың медицина қызметкері үшін 20%-дан 30%-ға дейін арттыру қамтамасыз етіледі

Фото: BNews.kz

Биыл бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыру жалғасатын болады. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

«600 мың педагог үшін еңбекақы төлеуді 25%-ға, 247 мың медицина қызметкері үшін біліктілік деңгейіне байланысты 20%-дан 30%-ға дейін арттыру қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы 21 мың штат бірлігін қамтумен 50%-ға ұлғаяды. 82 мың мемлекеттік қызметкердің жалақысы өседі. 2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап 2024 жылға дейін Орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 30%-ға өседі», - деді Асқар Мамин.

Жалпы, педагогтердің орташа айлық жалақысы 253 мың теңгеге, дәрігерлердің – 320 мың теңгеге, әлеуметтік қызметкерлердің – 180 мың теңгеге, мемлекеттік қызметкерлердің 267 мың теңгеге дейін өскені мәлім болды.